Неге төлем формасы емес, аударым
Көп донат сервисінде көрермен сервис сайтындағы форма арқылы төлейді. Ақша алдымен сервис балансына түседі, кейін стример оны картаға шығарады, ал осы жолда пайыз ұсталады. QazDonate-пен қадам аз: көрермен ақшаны тікелей саған аударады.
Делдал сервис
- Көрермен
- Төлем формасы
- Сервис балансы− пайыз
- Шығару
- Сенің картаң
Ақша сервис арқылы өтеді, донаттан пайыз алынады
QazDonate
- Көрермен
- Сенің картаң0%
- QazDonate алертті көрсетеді
Бір аударым, донаттан 0%
Көрермен донатты қалай жібереді
- 01
Kaspi-ді ашады
Аударымдар → телефон не карта нөмірі бойынша. Нөмірді не деректемелерді стример донат бетінде не виджетте көрсетеді.
- 02
Соманы енгізеді
Кез келген. Алерттің гифі мен дыбысын сомаға қарай баптауға болады: донат неғұрлым үлкен болса, соғұрлым көзге түседі.
- 03
Хабарлама жазады
Аударым түсініктемесіне. Дәл осы мәтін стримде шығып, дауыспен оқылады.
!Бұл мәтін стримде шығып, дауыспен оқылады

Стример жағында не болады
Банк саған аударым туралы хабарлама жібереді. Android телефондағы QazDonate қосымшасы не Windows ПК-дағы бағдарлама оны көріп, талдайды: кім жіберді, қанша және қандай хабарламамен. Бір секундтан кейін виджет эфирде алерт көрсетеді.
Банк хабарламасы

- Жіберушіалерттегі есім
- Сомасома, гиф және дыбыс
- Түсініктемехабарлама және дыбыстау
Стримдегі алерт
Айгерим — 2 500 ₸Салем! Рулетканы айналдыр дыбыстауQazDonate-тің сенің банкіңе қолжетімділігі жоқ: қосымша телефонға онсыз да келетін хабарламаны ғана көреді.
Тек Kaspi емес
Halyk, Forte және Freedom аударымдары да осылай жұмыс істейді. Ал TikTok LIVE сыйлықтары мен DonationAlerts донаттары сол виджеттерге келеді, сондықтан барлық донат бір жерде көрінеді.
Көздер
Kaspi
Halyk
Forte
Freedom- TikTok LIVE сыйлықтары
- DonationAlerts
Виджеттер
- Алерт
- Топтар
- Мақсат
- Статистика
Бұл қанша тұрады
QazDonate донаттан ештеңе алмайды: ақша толығымен өзіңде қалады. Сервис үшін тұрақты жазылым төлейсің, мерзім ұзақ болса, айы арзанырақ.
₸ айына
Жазылым да Kaspi арқылы төленеді: соманы аударып, кабинетке PDF-чекті жүктейсің. Чек автоматты түрде танылады. Алғашқы 3 күн барлық функция тегін.
Жиі қойылатын сұрақтар
iPhone-мен жұмыс істей ме?
Иә, компьютер арқылы. iPhone-ға арналған QazDonate қосымшасы жоқ, бірақ айфонды Windows ПК-ға «Связь с телефоном» (Phone Link) арқылы қосуға болады, сонда QazDonate бағдарламасы банк хабарламаларын көреді. Компьютерсіз Android телефон керек. Көрермендер кез келген телефоннан донат жібере алады.
Қай банктер қолдау табады?
Kaspi, Halyk, Forte және Freedom. Сол виджеттерге TikTok LIVE сыйлықтары мен DonationAlerts донаттары да келеді.
Жазылымды қалай төлеймін?
Соманы Kaspi-ге аударып, кабинетке PDF-чекті жүктейсің. Чек автоматты түрде танылады, күмән болса оны адам тексереді. Бірдеңе дұрыс болмаса, Telegram-ға жаз.
Боқтықты дыбыстамауға бола ма?
Иә. Цензура боқтық пен стоп-сөздерді жасырады не дыбыстатпайды.
Өз стриміңде байқап көр
Алғашқы 3 күн барлық функция тегін. Қосу 5 минут алады.